Дубайда жыл бойы жаңбыр жауып тұратын көше ашылады (видео)
Дубайда жыл бойы жаңбыр жауып тұратын көше ашылады (видео)
2 жыл бұрын 1811 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дубай жағалауындағы «Еуропа жүрегі» деп аталатын архипелагта (аралда) әлемдегі алғашқы климатын бақылап, реттеуге келетін көше ашылмақшы. Бұл жайында islam.kz порталы The National News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір шақырымға созылған жол бұйрық бойынша жауын жауғызатын құралмен жабдықталған. Климатты бақылайтын құрал бұл көшедегі ауа температурасын бір қалыпты ұстайды - +27°C. Ал ауаның ылғалдылық деңгейі 60%-дан аспайды, желдің екпіні – сағатына бес шақырым. Ал жауынның мөлшері мен қарқыны қолдан реттеледі: бүркіп тұрған жауыннан нөсерге  (жаздың аптап ыстық орнаған күндерінде) дейін ауытқиды. Ауа райын реттеуші құралдар ғимараттардың қасбеттерінде орналасқан және жақын арада қар мен боран соқтыратын жүйемен де жабдықталады. 2021 жылы осынау өзгеше жобаны қолға алған ​​Kleindienst Group компаниясы Дубай жағалауынан төрт шақырым жерде, Дүниежүзілік Аралдар архипелагының жасанды аралдарының айналасында маржан рифтері желісін салу жоспарын жариялады. Бұл туралы келесі материалымызда айтамыз.

 

0 пікір
Мұрағат