Doroni H1 ұшатын көлігі жаз мезгілінде ұшу сертификатына ие болды (видео)
|
Көп ұзамай әлемнің ірі мегаполистері мен көлік кептелісінен көз ашпаған ірі елді-мекендердің көшелерінде электрмен ұшатын автокөліктер қатынайды. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық Doroni Aerospace компаниясының АҚШ-тың азаматтық авиацияның федералды басқармасының ресми сертификатына ие болған, екі адамға шақталған Doroni H1 ұшатын көлігі алғаш рет осы жылдың жазында көкке көтіреліп еді. Қазірдің өзінде аталмыш компанияға осынау көлікке 300-ден аса адам тапсырыс беріп үлгерген. Алғашқы 120 көлік 2025 немесе 2026 жылға қарай құрастырылады. Майами стартапы жылына ұшатын электркөлігінің 2500 данасын шығаруды жоспарлап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Супер бактериялармен күресудің жаңа стратегиясы әзірленді
■
Ғалымдар қажетсіз дыбыстарды құмықтыратын «дыбыс көпіршігін» жасады (видео)
■
Ғалымдар уақытты өлшеудің тың әдісін ойлап тапты
■
Мектепте ұялы телефон қолдануға шектеу енгізген елдер қатары артып келеді
■
Синтетикалық маталарды болашақтың шикізатына айналдыратын стартап пайда болды