Дональд Трамп әлемге әйгілі боксшы Мұхаммед Әлиді кешіруі мүмкін...
Дональд Трамп әлемге әйгілі боксшы Мұхаммед Әлиді кешіруі мүмкін...
7 жыл бұрын 7291 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ президенті Дональд Трамп 2016 жылы 75-ке қараған шағында дүние салған әлемге әйгілі Мұхаммед Әлиге рақымшылық жасағысы келетінін жария етті. Бұл жайында NBC ақпарат көзі хабар таратты. Ақ үй қожайынының айтуынша, аты аңызға айналған саңлақ спортшы кешірімге лайық тұлға. Оқырманға түсінікті болу үшін: 1967 жылы Вьетнамдағы америкалықтардың агрессиясына қатыспай, әскери борышын өтеуден бас тартқаны үшін Мұхаммед Әлиге бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, рингке шығуға қатаң тыйым салынған еді. Аталған тыйымның күші тек 1971 жылы жойылған еді. АҚШ-тың Жоғарғы сотының үкімімен. Естеріңізге тағы бір мәрте сала кеткен артық болмас: әлемдегі ең титулды спортшы атанған Мұхаммед Әли 1960-шы жылдардан бастап, спорттағы мансабында зор жетістікке жеткен. Ауыр салмақта абсолютты чемпион (1964-1966, 1974-1978), бес рет жыл боксшысы атанған. Ол спорттағы мансабында 61 жекпе-жекке шығып, 56-сында айқын жеңіске жеткен. Олардың 37-де қарсыласын нокаутпен жеңген. 

Саясаткерлерді түсіну қиын. Әсіресе, билік басындағыларды. Қандай да бір саяси науқаннан немесе шарадан, т.б. елдің назарын аудару үшін түрлі қулыққа барып жатады. Халықтың ең осал тұсын пайдаланып, өз пайдасына шешуге тырысады. Әлбетте, Дональд Трамп та бұл саяси технологиядан бейхабар дей алмайсыз. Билік басына келген бетте алдымен мұсылмандарға шүйлігіп, кейбір мұсылман елдерінің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне үзілді-кесілді тыйым салатын жарлығы әлем жұртшылығының наразылығын тудырған еді. Осы қасиетті Рамазан айында Ақ үйдің дәстүріне айналған ауызашарға жергілікті мұсылмандар байкот жариялап, оның мұсылмандарға қарсы саясатына осылайша наразылықтарын білдірген еді. Дональд Трамптың әлдеқашан бақилық болған Мұхаммед Әлиді қалқан еткен бұл саяси қулығы өз-өзін ақтады ма, ол жағын айта алмаймыз. Бір анығы, бүгінде көзі тірі болса да марқұм үшін түк құны жоқ АҚШ президентінің "рақымшылығы" тек күлкі тудыруда. 

0 пікір
Мұрағат