Cмартфонмен басқарылатын, сағатына 31 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, салмағы 10 грамм тартатын робот құс (видео)
Cмартфонмен басқарылатын, сағатына 31 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, салмағы 10 грамм тартатын робот құс (видео)
1 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Эдвин Ван Рюмбеке (Edwin Van Ruymbeke) есімді француз инженері “Сұр қарлығаш”(Swift) атты орнитоптер дронын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шағын дрон нағыз құстың ұшуын имитациялай алады - көкке көтерілу үшін қанатын кеңге жая алады әрі шапшаң қағады. Аппаратты iOS немесе Android смартфонының мобилді қосымшасы арқылы басқаруға болады. Қазіргі уақытта «Сұр қарлығаш» жобасы жеке тапсырыстар үшін әзірлеудің және өндіріске дайындаудың соңғы сатысында тұр. «Құстың» басты техникалық жаңалығы екі ауыспалы құйрықты пайдалануда жатыр ол: жоғары жылдамдықпен ұшу үшін, шапшаң (Speed tail), баяу және тұрақты маневр жасау үшін дәл (Precision tail) керек. Осының арқасында орнитоптер әуеде сағатына 31 шақырым жылдам қозғалады және жылдамдықты сағатына 3,5 шақырымға дейін төмендетуге қабілетті; мұндай қабілет, тіптіүй маңында да ешнәрсеге соқтығыспай ұшуына мүмкіндік береді. Робот құстың салмағы - небәрі 10,9 грамм, жеңіл көбіктенген полипропиленнен, көміртекті өзектерден және титаннан жасалған. Бір зарядтаудан ұшу уақыты 10-12 минутты құрайды,  150 метрге дейінгі қашықтан басқаруға болады. Бөлшек саудадағы бағасы - 159 еуро. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап саудаға шығарылады.

 

0 пікір
Мұрағат