Бір секундта сағатына 100 шақырым жылдамдықпен қозғалатын электрмен жүретін көлік құрастырылды (видео)
|
Швейцариялық студенттер электрмен жүретін көліктің жылдамдығын арттыруда рекорд орнатты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кейт Маггетти басқарған карт бір секундтан аз уақытта нөлден сағатына 100 шақырым жылдамдыққа қол жеткізді. Академиялық мотоспорт клубына біріккен ETH Zurich және Люцерн университетінің студенттерінің бүкіл командасы осы жетістігі Штутгарт университетінің студенттері орнатқан алдыңғы рекордты 30%-ға асырды. Сағатына 100 шақырым межесіне небәрі 0,956-да жету адам ақылына сыймайды, десе де бақылаушы қозғалыс басталғаннан кейін 12 метрден кейін спидометрде үш таңбалы санды көрді. Жалпы қуаты 326 а.к. болатын хабтардағы 4 электр қозғалтқышымен жабдықталған жеңіл картта мұндай жоғары нәтижеге қалай қол жеткізуге болады? Студенттер электр қуатына емес, вакуумдық желдеткіштерді пайдалана отырып, доңғалақтардың жолдан ажырамауына мән берген екен.