Бір өзі үшін 150 ғалым жиылып, арнайы пәтуа шығарылған адам (фото)
Бір өзі үшін 150 ғалым жиылып, арнайы пәтуа шығарылған адам (фото)
5 жыл бұрын 8500 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малайзиялық ортопед-оташы әрі малайлардың тұңғыш ғарышкері шейх Мұзафар Шукор 2007 жылы ғарышқа аттанған болатын. Мұсылман ғалымдары ол үшін арнайы пәтуа шығарған еді – ғарышта қалай құлшылық ету турасында. Көкке сапары алдында ол ғарышта намазын қаза қылып алмаудың әрі ораза ұстаудың қамымен мұсылман ғалымдармен ақылдасқан болатын. Ол қасиетті Қағбаға жүзін бұрып, ғибадат етуі тиіс болатын. Проблема осы тұстан бас көтерген болатын. Жер бетінен 340 шақырым қашық биікте айналып ұшып жүрген халықаралық ғарыш стансасында Қағбаның бағыты сәт сайын, яғни, секунд сайын өзгеріп отырады. Орбитаның кей бөліктерінде Қағба бір намазды оқып болғанша 180 градусқа бағытын өзгертіп жатады. Малайлардың тұңғыш ғарышкері орбитаға көтерілмес бұрын малайзиялық “Ангкаса” ғарыш агенттігі арнайы жиын ұйымдастырып, осы жиында 150 мұсылман ғалымы ғарышкердің ғарыштағы құлшылығына қатысты пәтуа шығаруы тиіс болатын. Нәтижесінде Малайзияның пәтуалар жөніндегі ислами, ұлттық кеңесі мақұлдаған «Халықаралық ғарыш стансасында ислами ғибадатты орындау жөніндегі нұсқаулық» құжаты қабылданды. Шукор ғарыш кемесінің бір жарым сағат ішінде жерді айналып ұшып шығатынын жақсы білген еді. Мұсылман ғалымдар Мекке уақытымен намаз оқуына мүмкіндік беретін пәтуа шығарды.

Малайлық тұңғыш ғарышкер ғарышта ғылыми тәжірибелер жүргізді. Соның ішінде, салмақсыздық жағдайында обыр жасушасының даму барысын зерттеді. Ғылыми тәжірибелерін жүргізе отырып, ол намазын қаза қылмады. Ол ол ма, күніне қасиетті Құраннан 20 бет оқып тұруға уақыт тапты.

«Мен ғарышкер атанудан үміткер 11435 адамның ішінен мықты немесе шапшаң болғаным үшін таңдалған жоқпын. Мған ақылым көмекке келді. Мен бес ұл бала өрбіген отбасында өстім. Мен жеңіліп қалуды жек көретінмін, жеңгенше күресетінмін»,- деді ол ағынан ақтарылып.

Мұзафар Шукор ғарышкерлікке үміткер ретінде таңдалған соң ол Сібірде орман өрті мен қақаған суықта өз-өзін бір жыл бойы шыңдады. -45 градус саршұнақ аязда үш күн жалғыз қалып, ағаш кесумен шұғылданды.

Ғарыш кемесінің ішінде салмақсыздықтан ғарышкерлер суда жүргендей қалқып немесе жүзіп жүреді. Мұзафар Шукор намаз оқу үшін еденге аяғын байлап тастайтын. Ғарыш кемесінің иллюминаторынан көрініп тұратын жерге (қағбаға) жүзін беріп, құлшылығын орындайтын. Ол ғарышқа қасиетті Рамазан айында ұшқандықтан жер бетінде қалай ораза ұстаса, ғарышта да солай ұстады. «Әрбір ғарышкер ғарышта бір кереметті басынан өткереді. Мен онда азан үнін естідім. Мен, расымен де ғарыш стансасында азанды естідім. Өзге ғарышкерлер оның не екенін ұқпаса да мен азанды өз құлағыммен естідім. Әйтсе де мен оған аса таңқала қойғаным жоқ, өйткені, Жаратқанның бары мен құдыреті ғарышта сәт сайын сезіліп тұратын. Ғарышта өзімді Аллаға өте жақын екенімді сездім. Біз ғарышта шапшаң қозғаламыз. Діни парызымды орындап жүргенде аштықты, шаршауды сезінгенім жоқ немесе шөлдеген емеспін»,- деді ол артынша. «Жерді көрген сайын тұла бойыңыз шымырлайды – оның қаншалықты кішкентай екенін ойлағанда. Жүрегіңіз аузыңызға тығылып, Жердің қандай ғажайып екенін бағалайсыз. Сіз Жаратушының құдыретін сезінесіз. Адамдар бір-біріне белгілі біо себептермен қастық қылып өлтіріп жатады. Ғарыштан Жерге қарасаңыз, әлемнің қаншалықты кішкентаай екенін ұғасыз. Біз ғарышты миллиондаған галактиканы көреміз. Сондықтан біз өз әлемімізді қорғауымыз керек»,* деді ол сөзінің соңында.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ sheikh muszaphar shukor

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ sheikh muszaphar shukor ruku

Бір өзі үшін 150 ғалым жиылып, арнайы пәтуа шығарылған адам (фото)

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ sheikh muszaphar shukor

0 пікір
Мұрағат