Бір өзі ну орман өсірген адам (фото+видео)
|
Жадау Пайенг есімді Үндістан тұрғынын жергілікті халық Орман адамы атайды. Ол Ассам штатына аумағында ағып жатқан Брахмапутра өзеніндегі Мажули аралында тұрып жатыр. Бір кездері бұл арал ірі аралдардың бірі болға еді әлемде. Қазіргі уақытта аталмыш аралдың үштен бір бөлігін су шайып кеткен әрі жағалауы шөлге айналған. Біз сөз етіп отырған аралдың ну орманға айналуы сонау 1979 жылдан бастау алады.
Ол кезде Жадау а жалын тартып мінетін жастан асып, бозбалаға айналған кезі. Дәлірегі, 16 жасында ол жағалауға жыландар тастайды. Алайда, ол аралға жіберген жыландардың бірде-біреуі тірі қалмаған еді. Өйткені, бауырымен жорғаушылар паналайтын, бой тасалайтын жер таппайды. Бұл келеңсіз оқиға өз кезегінде бозбалаға ой салады. Жергілікті экологиялық ахуалға алаңдаған ол дабыл қағып, ағаш егуі үшін орман шаруашылығы департаментіне барады. Оның өтініші аяқсыз қалады. Өйткені, департаменттегілер қуарған қу алқапта ағаш өспейтінін, еңбегінің зая кететінін алға тартады. Бұған да құлақ аспаған бозбала алғаш рет бамбуктың 20 көшетін жалғыз өзі еге бастайды. Оның еккен ағаштары өсіп, департаменттегілер де оның жобасына қосылады. Яғни, 20 гектар жерге ағаш егуді бастайды. Департамент бастаған жоба бірнеше жылдан соң аяқталса да Жадау өз ісін жалғастыра береді. Күніне кем дегенде бір тал егуді әдетке айналдырады.
Қазіргі уақытта Жадау Пайенгтің орманы 550 гектар аумақты алып жатыр. Салыстыру үшін айта кетсек: Нью-Йорк мегаполисіндегі орталық саябақ аумағы - 341 га, Мәскеу қаласындағы Максим Горький атындағы саябақ аумағы - 219 га. Қазіргі уақытта Жадау орманында аң-құстың неше түрі кездеседі. Атап айтқанда, бенгал жолбарысы, мүйізтұмсық, тазқара, 115 піл, т.б.
Бір қызығы, Жадау туралы, оның өзгелерге өнеге боларлық өмірі туралы 2007 жылдың күз мезгіліне дейін ешкім білмеген еді. Жергілікті тұрғындарды санамағанда. Бастапқыда жерлестері оған қолдау көрсетудің орнынан оның сыртынан ақымақ санап, күлген еді. 2007 жылы аталмыш аралған фото-тілші әрі саяхатшы Джиту Калита келеді. Брахмапутра өзенін таспаға тартып алу үшін. Ол Жадаудың орманына тап болып, қайран қалғанын жасырмайды.
Сол сол-ақ екен, орманшының есімі шартарапқа жайылып, бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды.
Жадау ормандағы шағын күркесінде әйелімен және үш баласымен бірге тұрып жатыр. Ол сиыр, буйвол асырайды әрі олардың сүтін сол маңайдағы елді-мекен тұрғындарына сатып күнкөреді.
Қоршаған орта мен экологияны жақсартқаны үшін бірде-бір атақ, мансап, ақша алмаған адам. Тек 2015 жылы оған Үндістанның маңызы бойынша төртінші орын алатын азаматтық марапаты беріледі.
Оның орманының аумағы - 2 000 гектар
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Көлемі күріштің дәніндей құрбақа табылды
■
Жасанды зерде мен технологияға ақшаны аямай құйған негізгі алты араб елі
■
Таяу шығыста энергия теңгерімі оң көрсеткішке ие алғашқы мешіт ашылды
■
Жыныс ауыстыру отасына рұқсат етілетін елдердің азаматтарына бала асырап алуға тыйым салатын заң қабылданды
■
Padrone Primera сақинасы кез келген үстелді сенсорлық алаңға (пернетақтаға) айналдырады (видео)