Биометрикалық бағдаршам пайда болды
Биометрикалық бағдаршам пайда болды
12 ай бұрын 1060 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мәскеу қаласында жаяу жүргіншілер жолағында жол-көлік ережесін бұзғандардың тұлғасын биометрика көмегімен анықтайтын бағдаршамдар орнатылуда. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресейде жарық көретін «Безопасность дорожного движения» («Қауіпсіз жол қозғалысы») мерзімді басылымына жөн сілтеген hi-tech ақпарат кзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биометрикалық камерамен жабдықталған бағдаршам жаяу жүргіншілер жолағындағы қозғалысты тіркейді. Егер әлдекім жол қозғалысы ережесін бұзса, мысалы, қызыл түс жанып тұрғанда жолды кесіп өтсе, жаяу жүргіншінің суреті сол өткелде орналасқан электронды тақтада көрсетіледі. Персоналды деректің қолды болмауы үшін фотосуреттегі адамның бет-жүзі көмескіленеді, аты-жөні және жеке басына қатысты өзге ақпараттар экранда көрсетілмейді. Болашақта мұндай бағдаршамдар нейрондық желілерді пайдаланып, жолдағы түрлі заң бұзушылықтарды, соның ішінде электр самокаттары мен басқа да жеке көлік құрылғыларына қатысты зааң бұзушылықты тіркей алады немесе таспаға тартып алады. Мәскеудің мемлекеттік жол инспекциясының жетекшісі Александр Быков аталмыш жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін азаматтарды биометрикалық мәліметтерін тапсыруға міндеттеуді ұсынды. Бұл бағытта тиісті ережелер мен ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу қажеттілігін де атап өтті.

светофор

0 пікір
Мұрағат