Билл Гейтс болашақта жасанды зерденің сәтсіздікке ұшырайтынын мәлімдеді
Билл Гейтс болашақта жасанды зерденің сәтсіздікке ұшырайтынын мәлімдеді
1 жыл бұрын 1337 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Миллиардер, филантроп әрі Microsoft IT-корпорациясының негізін қалаған Билл Гейтси болашақта бүгінде адазмат өміріне дендеп еніп бара жатқан технологияның сәтсіздікке ұшрайтынын алға тартты. Үндістан премьер-министрі Нарендро Модимен кездесуінде. Оның айтуынша, жасанды зерде жай тапсырмаларды орындай алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде India Today ақпарат көзіне жөн сілтеген hi-tech сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта нейрожелі оңай тапсырмаларды орындай алады. Сондай-ақ, ол адамзаттың АІ технологиясымен жанасудың (танысудың) алғашқы кезеңінде тұрғанын айта келе болашақта нейрожелі адам түсіне кірмеген мүмкіндіктерге жол ашса да көптеген қиындықтармен бетпе-бет келетінін жасырмады. Дәлірегі, сізге қиын көрінген тапсырмаларды орындағанымен қарапайым нәрселерді шеше алмайтынын мәлімдеді. AI дамуымен ілесе өзімен жүретін күрделі мәселелердің бірі – аражігін ажыратуы қиынға соғаты фейк ақпараттар. Киберкеңістіктегі қарақшылар мен қылмыскерлер ықпалды тұлғалардың бет-әлпетін және олардың дауыстарын айнытпай салатын жалған бейнелерді жасау арқылы қоғамда дүрбелең тудыруы мүмкін. Бұл қауіп өз кезегінде адам шығыны мен экономикалық және әлеуметтік салдары ауыр түрлі қатерлерге бастайды.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4