Басып шығарылған тағам аз жеп, тез тоюға машықтандырады (фото+видео)
|
3D-принтерін тың салада қолдану кейінгі кезде өріс алып келеді. Әлбетте, аталмыш технология басып шығарылуы қиындық тудырмайтын салалар мен күрделі салаларда да пайдаланылып жатыр. Мәселен, мұндай принтердің көмегімен басып шығарылған тағам ауқаттың құрылымын оны аз тұтынып, тез тойдыратындей етіп өзгертеді. Массачусет технологиялық институтының CSAIL HCI инженерлік тобы бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, адамдардың ас-ауқатты қалай қабылдайтынын, тағам құнарлығы мен құрамының, яғни, құрылымының адамдардың тоқтық сезіміне қалай әсер ететінін бақылап, зерделеген екен. Осы мақсатта тағамды көлемі мен пішінін әрі тығыздығын тәрелкеде көп орын алатындай әрі адамды аз тұтынып, тез тойдыратындай етіп «пісірген» еді. Тіпті, тағам құрылымының өзі адамды бір қарағанда-ақ тоғайтып тастайтындай етіп дайындады. Ауқатқа бас қойған адамдарды қадағалай келе ұзағырақ шайналатын, яғни, шайнаудың өзіне әжептәуір уақыт кететін тағамдардың тез тойдыратынын байқаған. Ғалымдар арнайы қондырғылары бар, пластиктің орнына жеуге келетін паста тәрізді массаны жаншитын 3D-принтерді пайдаланды. Аппараттың көмегімен құрылымы мен тығыздығы жағынан кәдімгі ас-ауқаттан көп айырмашылығы бар дайын тағамды басып шығарды. Бұл бағытта екі бөлек, дербес тәжірибе жүргізілді: басып шығарылған тағамды тұтынатын, өз еркімен тәжірибеге қатысуға келісімін берген 30 адамның жағына асты шайнауға кетететін уақыт пен шайнау қарқындылығын есептейтін электромиографиялық датчик бекітті. Тәжірибе соңында олар арнайы анкета толтырды. Ғалымдар сол анкетадағы олардың жауабына қарап, қай уақытта тойғанын біле алды. Аталмыш тәжірибе нәтижесі көрсетіп бергендей, тағамның тығыздығы мен көлемі адамның тамақтанып болғаннан кейінгі аштық деңгейін қалай қабылдайтына әсер етуі мүмкін. Жинақталған мәліметтерді пайдаланған ғалымдар пайдаланушының қолайына немесе қажеттілігіне қарай тағамды автоматты түрде дайындауға мүмкіндік беретін FoodFab деп аталатын кешенді жүйе әзірледі. Яғни, өзінің дене мүсінін сақтағысы келетіндер FoodFab-ты әлдеқайда тығыз 3D-тағамды басып шығару үшін "баптайтын" болады. Ал денсаулығына зиянды, яғни, медициналық немесе басқа көрсеткіш бойынша көлемді әрі шайнауға да жеңіл тағамдарды таңдай алады.