Бамбуктен ауаны салқындататын мұнара салынды (фото+видео)
Бамбуктен ауаны салқындататын мұнара салынды (фото+видео)
2 жыл бұрын 1146 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Француздық көпсалалы AREP фирмасы қалалық салқындату жүйесіне балама бола алатын төмен технологиялық бамбук прототипін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы archdaily.com  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Адиабаталық салқындату» деп аталатын принципті пайдалана отырып, аталмыш жоба аясында қалалық елдімекендерді ұдайы салқындату үшін тиімді және арзанға түсетін шешім ұсынды. Ғасырлар бойы ежелгі өркениеттер адиабаталық принцип бойынша судың табиғи қасиетін пайдалана отырып, өз ғимараттарын салқындатқан: булану үшін су қоршаған ауаның жылуынан «сіңетін» энергияны қажет етеді - осылайша салқындатады. Сеул архитектурасы және урбанистикасы 2021 (SBAU2021) биенналесінің жеңімпазының адиабаталық қалалық салқындату прототипін жаз мезгіліндегі саябақтағы су айдыны ретінде қарастыруға болады: оған жақындаған сайын ауа салқынырақ болып көрінеді. Бұл әсерді, яғни, эффектіні қайталау үшін AREP командасы ауылдық жерлерде кең таралған вьетнамдық көне әдіске жүгінді, мұнда әр ауыл бамбук, жібек және керамикамен байланысты белгілі бір қолөнерге машықтанған. Осылайша ғалымдар  адиабаталық принципті қолданып, жергілікті әдістің ноу-хауымен үйлесетін төмен технологиялық салқындату қондырғысын жасаған екен. Бамбук салқындату мұнарасы құрылымдық тұрақтылық үшін гиперболоид тәрізді пішінге ие. Негізгі полюстердің арасында тартылыс күшінің әсерінен су ағатын орта бар. Жүйенің ортасында жоғарыдан ыстық ауаны ұстап, оны төменгі деңгейлерге үрлейтін желдеткіш орналасқан. Суды екі рет кесіп өткендіктен, ауа адиабаталық принципке байланысты табиғи түрде салқындайды. Конструкцияның, яғни, салқындату мұнарасына тән дизайнның тиімділігін дәлелдеу үшін AREP прототипін Ханойда құрастырып, сынап көрді. Сынақ нәтижесін білікті мамандар былайша жеткізді: «Біз әртүрлі әлеуетті пішіндер мен салқындату әсерлерін зерттеу үшін жеке параметрлік BIM сандық үлгісін жасадық және жергілікті бамбук шеберінің көмегімен біз толық масштабты жұмыс прототипін жасай алдық. Сынақ күні біз температураны 6°C-қа (30°C-тан 24°C-қа дейін) төмендете алдық, бұл дизайнның өміршеңдігін растады».

 

0 пікір
Мұрағат