Балық аулауға көмектесетін дрон құрастырылды (фото)
Балық аулауға көмектесетін дрон құрастырылды (фото)
1 жыл бұрын 933 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Балық аулаудың түрлері мен әдісі көп, ол енді судың орналасу орны немесе ағыс қырқанына, сондай-ақ, адамның балық аулаудағы машығына байланысты. Десе де балық аулауды жеңілдететін құрылғы пайда болды. Бұл дронның көмегімен балықтың қайда екенін анықтай аласыз. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай әуесқойлары бұл тарапта балық аулауға көмектесетін суасты Chasing Fish F1 Pro құрылғысын жұртшылық назарына ұсынды. Девайсты жергілікті Chasing Innovation компаниясының мамандары жасады. Құрылғы бортында 360 градустық камерасы бар радиомен басқарылатын шағын сүңгуір қайық түрінде болады. Бұл камера су қоймасының балық қалтарыс-бұлтарысын көрсете алады. Пайдаланушы дронды суға түсіріп, оны смартфон немесе қашықтан басқару пулті арқылы басқара алады. Камера бейне көріністі сымсыз жолмен жібереді. Камераны қалаған жағыңызға айналдырып, балықты іздеуге болады. Егер дронды жоғалтып алсаңыз, оны GPS көмегімен оңай тауып ала аласыз.

Фото: Chasing Innovation

Фото: Chasing Innovation

Фото: Chasing Innovation

0 пікір
Мұрағат