Балалық шағы қиындықпен өткен адам тез қартаяды – зерттеу
Балалық шағы қиындықпен өткен адам тез қартаяды – зерттеу
1 ай бұрын 794 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам дүниеге келген алғашқы жылы көптеген нәрсе адам тағдырын емес, биологиялық тұрғыдағы өмірін анықтап бермек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Lancet Regional Health мерзімді басылымына жөн сілтеген The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондон мегаполисіндегі Имперлік колледж ғалымдары табысы төмен  отбасылардағы балалардың жасуша деңгейінде ертерек қартаятынын анықтады. Еуропаның әр елінен 6-11 жас аралығындағы 1160 бала тартылған бұл зерттеу барысында баланың өз кеңістігінің (бөлмесінің) бар-жоғы секілді отбасының әл-ауқатын танытатын өзге де активтер ескерілді. Балаларды табысы төмен, орташа және жоғары деп жіктеді. Олардың барлығынан қан үлгілері мен зәрі алынды талдамасын жасау үшін – лейкоциттердегі теломердің ұзындығы өлшенді, қан құрамындағы кортизолдың (стресс гормоны) деңгейі өлшенді. Бұұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тұрмысы жоғары отбасылардың балаларында теломер кедей отбасынан шыққан балаларға қарағанда орташа алғанда 5% -ға ұзын болып шыққан. Ал қыздардікі ұлдарға қарағанда теломердің ұзындығы(орта есеппен 5,6%-ды құраған. Дене салмағының индексі неғұрлым жоғары болса, теломер соғұрлым қысқарған - майдың әрбір пайызына шаққанда 0,18% -ға төмендеген немесе қысқарған. Неғұрлым жағдайы жақсы отбасылардың балаларындағы кортизол деңгейі 15-23% -ға төмен болған. Ғалымдардың айтуынша, негізгі фактор «гендердің сапасында» емес, қоршаған ортаның қартаюдың биологиялық тетіктеріне әсерінде жатыр. Тіпті, балалар өте кедей отбасында болмаса да жеке кеңістігінің жоқтығы, күйзелістің жоғары деңгейі және оқу үшін компьютердің болмауы секілді тұрмыстық факторлар жасушалық деңгейде денсаулыққа әсер етеді. Мәселенің түп-төркінін байлықтан гөрі әлеуметтік теңсіздіктен іздеген жөн шығар: әл-ауқат пен денсаулық арасындағы байланыс әлеуметтік теңдік болған жағдайда әлсірейді. Адам өмірінің алғашқы он жылында мұндай факторлар баланың тек денсаулығына ғана емес, дүниетанымына да ықпал етпек. Баланың тұлғалық қасиеттері мен психикасы осындай факторларға қарай қалыптасады.

0 пікір
Мұрағат