Балалы болған адамдар консервативті болатыны анықталды
Балалы болған адамдар консервативті болатыны анықталды
2 жыл бұрын 1544 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар бұл тарапта бірқатар тәжірибелер мен зерттеулер жүргізіп, балалардың пайда болуынан адамдардың консервативті болатынын анықтады. Бұл нені көрсетеді? Туу көрсеткішінің төмендеуі қоғамды ырықтандыруға ықпал етуі мүмкін дегенді білдіреді. Жасанды түсік жасатуға тыйым салынған елдерде керісінше оңшылдар көбейеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Жасы ұлғайған сайын тәжірибе жинақтап, шынайы дүниемен бетпе-бет келудің арқасында консервативті бола түседі деген түсінік бар. Бірақ олай емес сияқты. Егер сіз балалары жоқ адамдарға қарасаңыз, сіз жас факторын көрмейсіз», деп тосын мәлімдеме жасады аталмыш зерттеуге атсалысқан Ник Келли есімді ғалым. Ғалымдардың тәжірибесіне 376 америкалық студент қатысқан екен. Олар екі топқа бөлінді. Біреуіне тұрмыстық ыдыстардың фотосы көрсетіліп, оны қолданудың нұсқаларын ұсынуды сұрады. Екіншісіне балалардың суреттерін көрсетті, оларға атауларды ойлап табуды және бірігіп көңіл көтеруге және жағымды жақтары мол өзара әрекеттесу идеялары туралы айтуды ұсынған. Осыдан соң барлық студенттермен жасанды түсік пен дәстүрлі некеге деген көзқарас талқыланды. Екінші топтың жауабында біріншіге қарағанда консервативті көзқарас басым болған. Содан кейін зерттеушілер Ливаннан Жапонияға дейінгі он елдегі 2600 ересек адаммен сұхбат жүргізіп көрді. Балалардың әл-ауқатын ойлайтын адамдар баласы жоқ жандарға қарағанда әдетте консервативті болып шыққан. Егде жастағы адамдар жастарға қарағанда консервативті болғанымен ата-ана мәселесінде әлеуметтік көзқарастардың өмір сүрген жылдар санымен байланысы жойылды. Яғни, ата-ана мәселесінде жас факторы маңызды рөл ойнаймын болып шықты. Ғалымдардың тұжырымдары Дүниежүзілік құндылықтар сауалнамасының деректерін талдау арқылы расталды. Сауалнама деректеріндегі ақпарат 426 мың адамның тартылуымен 88 елде 40 жыл бойы жинақталған. Дегенмен, Үндістан мен Пәкістан сияқты халқы тығыз кейбір елдерде ата-ана ұғымы консервативті көзқарастармен байланысты болмай шыққан (дәлірегі, адам санының көптігіне, яғни, демографиялық азуалға байланысты осындай тенденция қалыптасуы мүмкін). Дегенмен,  балалар  қоғамдық құндылықтардың қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып қала береді. 

0 пікір
Мұрағат