Азық-түлікте қауіпті бактериялардың барын ескертетін қаптама жасалды
Азық-түлікте қауіпті бактериялардың барын ескертетін қаптама жасалды
1 жыл бұрын 943 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Канадалық ғалымдар шикі ет пен басқа да өнімдерде сальмонелла, ішек таяқшасы, листерия және басқа да қауіпті бактериялардың бар-жоғын хабарлайтын өзгеше, дәлірегі, науа түрінде қаптама жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Науаның көлбеу жақтары бар. Олардың арқасында тағамның сөлі қаптаманың төменгі жағындағы сенсорға түседі. Оның көрсеткіштерін арнайы мобилді қосымшаның көмегімен оқуға болады. Мұндай технология зертханалардағы қымбатқа түсетін және көп уақыт алатын тағамды тексеру және сынау процедурасын алмастырады, сонымен қатар, астан улану қатерін азайтады. Жыл сайын 600 миллионға жуық адам бүлінген тағамдарды тұтынудан түрлі инфекциялық дерттен зардап шегеді. Сөз соңында мұндай технологияның Жапония мен өзге де дамыған елдерде қазірдің өзінде қолданылып жатқанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат