Ауғандардың тырна аулайтын әдеті бар (фото+видео)
Ауғандардың тырна аулайтын әдеті бар (фото+видео)
6 жыл бұрын 7136 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы тарихта соғыс сойқанынан ұзақ жылдар бойы көз ашпаған әлемдегі ең кедей елдердің бірінде тырна аулау әдетке айналған. Ауған аумағында тырна ең өтімді тауарлардың бірінен саналады. Көктем мезгілі туа ауған аңшылары тырнау аулау маусымын ашады. Жылы жақтан солтүстікке ұшқан құстарды қолға үйретілген ұяластарымен немесе олардың тұлыбымен алдап, аулайды. Қолға түскен тырнаны жергілікті базарға сатып, пайда табады. Жан Аға есімді 49 жастағы ауғандық, міне, 13 жылдың жүзі бодды, тырна аулап келеді. Бұл аралықта ол мыңнан аса тырна аулаған екен. Тырнадан басқа аулаған  құстың басқа түрлерінің есебінен өзі де жаңылып қалған. Ел астанасы – Кабул қаласынан 60 шақырым қашық жатқан Баграм өңірінде саятшылар тұзақ құрып, тырна аулайды. Ауғандар тырнаны тек етіне бола ауламайды, сонымен бірге, сән үшін де асырайды. Десе де ауғандардың бұл әдеті халықаралық жануарларды қорғау ұйымының сынына ұшырап келеді. Елдегі соғыс ауғандардың тұрмысын төмендетіп қоймай, қоршаған ортаға да залалын тигізіп кеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының араласуымен көшкен құстар аялдайтын Кабул маңындағы Коли-Қащмат Хан өлкесі ерекше қорғауға алынған.

 ÐÑганÑкие оÑоÑники на пÑиÑ

ÐÑганÑкие оÑоÑники на пÑиÑ

ÐÑганÑкие оÑоÑники на пÑиÑ

ÐÑганÑкие оÑоÑники на пÑиÑ

ÐÑганÑкие оÑоÑники на пÑиÑ

ÐÑганÑкие оÑоÑники на пÑиÑ

ÐÑганÑкие оÑоÑники на пÑиÑ

ÐÑганÑкие оÑоÑники на пÑиÑ

 

0 пікір
Мұрағат