Ауаның ластануынан аспанда айрықша бұлт пайда болды
Ауаның ластануынан аспанда айрықша бұлт пайда болды
2 жыл бұрын 5602 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күміс бұлт – бұлттар арасындағы ең «биігі», ол жер бетінен 80-90 шақырым биікте қалыптасады, яғни, ғарышпен шекарадағы мезосферада пайда болатын бұлт. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Табиғатта сирек кездесетін, дәлірегі, атмосферадағы сирек құбылыс – күн батқаннан кейін немесе күн шыққанға кейін дейін көруге болады, ашық-көк түспен жарқырайды. Ғалымдардың пайымдауынша, ол ауаның қатты ластануынан пайда болған. Бұл тарапта Стюарт Кларк есімді асторономиялық құбылыстар туралы жазатын тілшінің топшылауынша, күміс бұлт антропогендік фактордан пайда болған. Яғни, тілшінің де тұжырымы ғалымдардың ойымен үндесіп жатыр. Оның бұл тақырыптағы мақаласында айтылғандай, бұлттардың конденсация ядроларының көмегімен түзілетіні айтылады. Ғарышпен шекарада мұндай бөлшектер болуы мүмкін емес, сондықтан журналист конденсация адамдар жасаған ластаушы заттардың әсерінен пайда болады, деп болжайды. Күміс бұл кейіннен пайда болған бұлт ретінде сипатталады.

0 пікір
Мұрағат