|
Әскери дулыға сарбазды нағыз қаһарманға айналдырады (видео)
|
Әскери технологияға машықтанған Anduril компаниясы Meta тансұлттық корпорациясымен бірігіп, жасанды зерде негізіндегі сарбаздарға арналған, аралас шындық технологиясымен жабдықталған EagleEye дулағысан жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ондағы датчиктер, дрон және камералардың күрделі жүйесінің көмегімен сарбаз қабырғаның немесе дуалдың арғы жағын көре алады. Жаңа, ақылды дулығаның модулдік құрылғы екенін айта кетпекпіз. Яғни проекциялық дисплей, акустикалық және радиожиілікті анықтау жүйелері қамтылған тұтас бір организм іспетті. Дулыға әскери іс-қимылдар барысында бұйрықтар мен нұсқаулықтарды бейнелейді, оларды карталар мен басқа да ақпаратпен толықтыруды, сондай-ақ, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жауынгерлік роботтарды басқаруға мүмкіндік береді. EagleEye жауынгерлік тапсырмаларды пысықтауды, іс-қимылдарды нақты уақыт режимінде үйлестіруді және жергілікті жерге байланыстыруды қамтамасыз ете отырып, үш өлшемді ортада жұмыс істей алады. Бірегей дулыға күндіз де, түнде де (цифрлы режимде) жұмыс істейді. Мәселен, ол түнде серігінің нақты қай жерде тұрғанын анықтап бере алады. Бұдан бөлек, EagleEye дулығасы басты оқтан, жарылғаш заттардың жарықшағынан, жарылыс толқынынан қорғайды, ал артқы жағындағы жне бүйіріндегі датчиктер айналада не болып жатқанын көруге, қадағалауға мүмкіндік бермек.