Ашық жарада тері өсірілді (видео)
Ашық жарада тері өсірілді (видео)
9 ай бұрын 1220 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пенсилвания мемлекеттік университетінің ғалымдары кеміргіштерге ота жасау кезінде шаштың қайта өсуіне мүмкіндік беретін, 3D принтерінде басып шығарылған көп қатпарлы, тірі теріге ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Анатомиялық жағынан тері үш қабаттан тұрады: ең сыртқы (көрінетін) эпидермис, ортаңғы дермис және ең терең қабат - гиподермис. Дәнекер тіннен және майдан тұратын гиподерма бас сүйегінің құрылымы мен қорғанысын қамтамасыз етеді. Шаш фолликулаларының тамыры шаш өсетін гиподермиске енеді. Зерттеушілер бұл тарапта тіннің құрылымы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін, «жасушадан тыс матрица» деп аталатын молекулалар мен ақуыздар желісін немесе шоғырын бөліп алып, адамның май тінін пайдаланды. Ол биоинктің құрамдастарының бірін қалыптастырды. Екінші компонент май тінінен алынған діңгекті жасушалар болса, үшіншісі - фибриногені бар, қан ұюына ықпал ететін ерітінді  (ол басқа компоненттердің жарақат аймағына қосылуына көмектеседі). Аталмыш зерттеуге атсалысқан Ыбырайым Өзболат есімді ғалымның айтуынша, үш бөлім дәл бақылау арқылы матрица мен фибриноген қоспасын діңгекті жасушаларымен бірге басып шығаруға мүмкіндік берген. Жараның жазылуына, шаш фолликуласының қалыптасуына, температураны реттеуге және т.б. ықпал ететін гиподермисті қалыптастыру үшін жарақат орнында тікелей басып шығарылған. Гиподермис пен дерма қабаттары биологиялық тұрғыдан «басып шығарылғаннан» кейін сыртқы эпидермис өздігінен пайда болды, ақырында жара екі апта ішінде толық дерлік жазылған. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, майдан алынған діңгекті жасушалар шаш фолликулаларымен тығыз байланысады және олардың өсуін ынталандырады.

0 пікір
Мұрағат