Араб жігітінің сирек кездесетін жеміс-жидек пен көкөніс фермасы бар
|
Сайд Әлмерит есімді араб жігіті таяуда Біріккен Араб Әмірлігінде, дәлірегі, Дубайда өткен COP28 крмесінде табиғатта сирек кездесетін жеміс-жидек пен көкөніс өсірілетін органикалық фермасын жұртшылық назарына ұсынды. Меймандар оның жасыл аймақтағы павилонында күлгін чилиді, көк шайды, папайяны, рукола жапырақтарын, т.б. тамашалай алған еді. Бұл жайында islam.kz порталы khaleejtimes.com ақпарат көзіне және араб фермерінің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасына (https://www.instagram.com/the.organicfarm/?utm_source=ig_embed&ig_rid=04c4f72c-ee82-4d58-9108-ae41ae269b96) сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
"Менің фермам Субайдағы әл Айн қаласында орналасқан. Біз бұл жұмысты үш жыл бұрын - 2020 жылы бастадық. Бастапқыда біз тек жалбыз және тәтті картоп пен қауын сияқты көкөністерді ғана өсірдік», деп бастады ол сөзін.
"Қазір бізде 30 өнім бар. Бізде маринадталған қиярлар мен сальсалар, ірімшік пен кілегей, жұмыртқа және тағы басқалар бар. Біздің фермада досымның фермасынан Тунистен әкелінетін зәйтүн майын қоспағанда барлық өнімдер табиғи ингредиенттерді пайдалана отырып әзірленеді» деді жас фермер.
БАӘ тұрғындарына қызыл және сәл қызғылт сары чили бұрыштары жақсы таныс болғанымен ерекше күлгін түсті чили бұрышы өзінің ашық түсімен немесе ашшы дәмімен ғана емес, сонымен қатар, осы аймақта сирек кездесетіндігімен ерекшеленеді. Оның фермасынан алынған өнімді сирек өсімдіктердің кемпірқосағы ретінде сипаттауға болады, өйткені, ол БАӘ аумағында бұрын табу мүмкін болмаған түрлі органикалық өнімді өсіруге тырысады.
Аталмыш жобаның ерекшелігі хош иісті өсімдіктерді, ет түрлерін, дәнді көкөністерді, сондай-ақ, ағаштарды, палмалар мен ауыл шаруашылығы қалдықтарын пайдалануды қамтитын интеграцияланған ферма құруға саяды. Ол тек жергілікті тұқымдарды ғана емес, сонымен қатар, Канададан, Америкадан және Сауд Арабиясындағы әл Хасадан әкелінетін, Халим деп аталатын арнайы тұқымды пайдаланады.
«Органикалық ферма» жобасының мақсаты жергілікті климат ерекшелігіне қарамастан кез келген дәмге арналған пайдалы органикалық тағам өндіруге болатынын дәлелдеуге саяды.
Толығырақ ақпарат үшін (сілтеменің үстінен басыңыз):