Ақ адамдар азайып барады
Ақ адамдар азайып барады
7 жыл бұрын 6459 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ аумағында ақ нәсілді адамдар азайып барады. Мұндай жағдай тарихта тұңғыш рет орын алып отыр. Бұл жайында The Hill ақпарат көзі халық санағы бюросына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Кезінде құлдыққа Африка құрлығынан әкелгендердің ұрпағы көбейген әрі Азиядан және Латын Америкасынан қоныс аударғандардың қарасы артқан. 2015-2016 жылғы дерекке негізделген бұл мәлімет бойынша ақ нәсілділердің қарасы 31,5 мың адамға немесе 0,02 пайызға кеміген. 2017 жылы АҚШ аумағында 197,8 миллион ақ нәсілді адам болған екен.  Ал Латын Америкалық келімсектер саны 58,9 миллион адамды құраған. Яғни, бір жыл ішінде 2,1 пайызға көбейген. Афроамерикалықтар 1,2 пайызға  (47,4 миллион адамға) артқан. Азиялықтар көрсеткіші - 3,1 пайызға (22,2 миллионға) артқан. 2016 жылмен салыстырғанда. Bloomberg ақпарат көзінің келтірген мәліметіне қарағанда, латын америкалықтар негізінен табиғи өсім арқылы көбейсе, азиялықтардың дені осы елге қоныс аудару есебінен артқан. Керісінше, кәрі құрлықтан еуропалықтардың келуі кеміген. Аталған елдің халық санағы бюросы америкалықтардың жылдам қартайып бара жатқанына да алаңдаушылық білдіріпті. Сатистикалық мағлұмат бойынша АҚШ аумағындағы қазіргі уақытта ақ нәсілді адамның орташа жасы 43,5-ты құраса, латынамерикалықтардікі - 29,3. Ал жалпы алғанда, барлық америкалық азаматтар арасындағы бұл көрсеткіш 38 жасты құраған. Демографиялық болжам бойынша, 2035 жылға қарай 65 жастан асқан америкалықтар қарасы балалар санынан асып түседі. 

Ақ нәсілді адамдардың дені АҚШ пен Еуропада шоғырланған. Олардың азаюына өздерінің азғындыққа итермелейтін өмір сүру салты себеп болып отыр. Өздеріңіз білесіздер, АҚШ-та да, Еуропада да демократия талаптарына сай бір жыныстылар некесінің, былайша айтқанда, жаратылысқа қайшы жағдаяттардың, кей еуропалық елдерде есірткіні қолданудың заңдастырылуы да, отбасы құндылықтардың жойылуы өз әсерін тигізуде. 

0 пікір
Мұрағат