|
Америкалық сарбаз 2000-нан аса адамды жайратып салғанын мойындады
|
Fox News ақпарат көзі хабарлағандай, Диллард Джонсон есімді америкалық арнайы жасақ сарбазы сонау Вьетнам соғысы кезінен бері 2003 жылы Иракта 2746 сарбаз бен содырды өлтіргенін мойындады. Мерген, яғни, снайпер 121 ирак азаматын оққа байлаған екен, бұл көрсеткіш бойынша ол америкалық әріптесі 160 ирактық азаматты жер жастандырған Крис Кайлдан артта қалып қойғаны болмаса. Ол адам өлтірмеген күні болмағанын айтып мақтанды. Ең алғашқы құрбандығы - автобусқа мінген 13 жолаушы болған. Нақтырақ айтқанда, Ирактың оңтүстігінде орын тепкен Самауа қаласына таяу маңда оның оқ өтпейтін брондалған машинасына соғылған автобус турасында сөз болып отыр бұл арада. Оның осы қылмыстары үшін АҚШ-та оны қаһарман санап, 37 медалмен марапатталған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты
■
Күн стансалары шөл далаға “жан бітірді” (видео)
■
Араб елі отаршылдықты қылмысқа жатқызатын заң жобасын талқылап жатыр
■
Берік әрі экологиялық жағынан зиянсыз тасжол балдырдан жасалды