Америкада ГМО көз тамшысының арқасында соқыр баланың көзі ашылды
|
Соқыр бала герпес вирусы негізінде жасалған көз тамшысын пайдаланғаннан кейін көріп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Mirror басылымына сілтеме жасап.
14 жасар Антонио Венто Карвахаль өмірінің көп бөлігінде сирек кездесетін генетикалық ауру - дистрофиялық буллезді эпидермолизге байланысты соқыр болған.
Осы аурудан оның денесі мен көздері күлбіреп кеткен.
Бірақ ол Майами университеті Баском Палмер көз институтының дәрігері Альфонсо Сабатер жүргізген әлемдегі алғашқы жергілікті гендік терапияның клиникалық сынақтарына қосылған кезде ғажайып болған.
Антонионың отбасы АҚШ-қа Кубадан 2012 жылы арнайы визамен келген. Соның арқасында Антонио әлем бойынша тек 3000 адам ауыратын аурудан ем қабылдаған. Оның көзінің тыртық ұлпасын алу бойынша ота жасаған, бірақ ол қайта шыққан. Антонионың көз жанары нашарлап, соңында тіпті өзі жүре алмайтын жағдайға жеткен.
Дәрігер Сабатер сол кезде балаға шешімін табуға уәде беріп, сол уәдесін орындады. Оның командасы қарапайым герпестің инактивті вирусы негізінде арнайы көз тамшысын жасап шығарған. Ол Антонионың терісіндегі күлбіреуді емдеуге пайдаланатын экспериментальды гельдің рецептурасын өзгерткен.
Дәріні тышқандарға сынағаннан кейін екі жылдан соң, Сабатер командасы адамдарға көз тамшыларын қолдануға рұқсат алды. Өткен жылы тамызда Антонионың оң көзіне операция жасап, содан кейін дәрігер Сабатер оны көз тамшыларымен емдей бастаған.
Антонионың көзі операциядан кейін қалпына келген, тыртық ұлпасы қалпына келмеген және ай сайын айтарлықтай жақсарған, дейді доктор. Жақында дәрігерлер Антонионың оң көзінің көру қабілетін өлшеген және ол өте жақсы деңгейге жеткен.
Биыл дәрігер Сабатер Антонионың сол көзін емдеп бастаған. Оның айтуынша, баланың сол көзі де жақсарып келеді.
Антонио офтальмологиялық институтта апта сайын тексеруден өтеді және айына бір рет тамшы тамызады. Институтқа келгенде Антонио қолын, аяғын және табанын жабатын қорғаныс киімін киюі керек. Осы ауруға шалдыққан басқа балалар сияқты оның денесіне ұстап қалғанда жаралануы мүмкін.
Антонио көз тамшыларын жасаған гельді әліге дейін денесіне жағады.
Дәрігер Сабатер өзі жасаған көз тамшылары АҚШ-та 18 миллион адам шалдыққан Фукс дистрофиясы сияқты басқа ауруларды емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін деп санайды.
Қазір Антонио басқа да жасөспірімдер сияқты жүр: достарымен видеоойындар ойнайды.