Алюминия мен темірдің көмегімен шынының беріктігін 10 есеге арттырды
Алюминия мен темірдің көмегімен шынының беріктігін 10 есеге арттырды
1 жыл бұрын 1012 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пнесилвания штатының университеті ғалымдары LionGlass деп аталатын материалдың жаңа түрін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы psu.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол кәдімгі шыныға ұқсағанымен одан он есе мықты, яғни, соққы мен қысым секілді сыртқы әсерлерге төзімді келеді. Бұған қоса, бұл материалды өндіру процесі экологиялық жағынан кәдімгі шыны өндірісіне қарағанда әлдеқайда зиянсыз – көмірқышқыл газын да аз бөледі, энергияга да аз кетеді. Өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын әйнектің ең көп таралған түрі - сода әкті силикат шыны. Ол шамамен 1500 °C температурада балқытылған кварц құмынан, сода күлінен және әктастан жасалған. Бұл процесс орасан зор энергияны қажет етеді, ал компоненттердің балқуы көмірқышқыл газының бөлінуіне әкеледі. LionGlass өндірісі үшін инженерлер дәстүрлі рецепт бойынша сода күлін алюминий тотығымен немесе темір негізіндегі қосылыстармен ауыстырды. Кремния диоксидінің мөлшері салмағы бойынша 40%-дан 90%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Алынған композициялық материалдар 400°C төмен температурада өндіріледі, ал энергия шығыны 30%-ға азаяды. Инженерлер материалды Vickers алмас индентері (күшті өлшеуге арналған кесілген шаршы пирамида) арқылы зерттеді. Бұл тараптағы талдау нәтижесі көрсеткендей, LionGlass материалы, тіпті, салмағы 1 келі тартатын жүкке де төтеп берген (қарапайым шыны 0,1 келі салмақтан шытынап кетеді). Мұндай әйнек бірдей беріктігі бар жұқа заттарды жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл технология өндіріске электр қуатын ғана емес, сонымен қатар, өндіріске қажетті шикізатты да, бұдан бөлек, көлік шығындары (тасымалдау шығыны) үнемдеге мүмкіндік береді.

 

0 пікір
Мұрағат