Әлемнің қай елдерінде құдайға тіл тигізгендер жазаланады?
Әлемнің қай елдерінде құдайға тіл тигізгендер жазаланады?
7 жыл бұрын 4496 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Құдайға тіл тигізу қылмыстық іс саналатын әлемде 59 ел бар екен. Бұлардың қатарында 13 елде аталған қылмыс бойынша өлім жазасына кесіледі. Атап айтқанда, Ауғанстан, Иран, Малайзия, Нигерия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сомали, Судан, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Катар және Мальдива. Десе де әділдік үшін мынаны да айта кету керек, аталған қылмыс бойынша жазаланғандар қарасы сирек, яғни, мұндай қылмыс бойынша жазалау тәжірибеде сирек қолданылады. Бұлай дейтін себебіміз, әдетте құдайға тіл тигізгендерге өлім жазасы қолданылатын елдердің заңнамасында жазаны жеңілдету жағы да қарастырылған. Мәселен, Иранның Қылмыстық кодексінің 264 бабында пайғамбарларға немесе ислам дінін қаралайтын сөздер ашу үстінде айтылған болса, я болмаса өзге біреудің айтқанын келтірген болса немесе айыпты адам оны байқамай қателікпен айтып қойғаны белгілі болса, яғни, дәлелденсе, онда өлім жазасы 74 мәрте дүре соғу жазасымен алмастырылатыны айтылған. Көбіне діннен шыққандарды немесе құдайға тіл тигізгендерді жазалау көрінеу көзге өзгелерге сабақ болсын, ғибрат алсын деген «көрнекі» мақсатта қолданылады және құдайға тіл тигізуді қылмысқа жатқызып, сол үшін жаза қолдану әлем қауымдастығының наразылығына ұшырап жатады. Ондай жазаға ұшырағандарға батыс елдері ара түсіп, саяси пана беріп жататыны да бар. Gallup International ұйымының 2012 жылы жүргізген сауалнама нәтижесіне қарағанда, саудиялықтардың 5 пайызы өздерін атеист санаған. Ал Pew Research Center орталығының арнайы жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, бұл көрсеткіш 0,7%-дан аспайды. Айта кетейік, Сауд Арабиясында атеистер террористер саналады 2004 жылдан бері ресми түрде.

0 пікір
Мұрағат