Әлемге әйгілі ауған қызының тағдыры қалай өрбіді?
Әлемге әйгілі ауған қызының тағдыры қалай өрбіді?
3 жыл бұрын 4537 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Шәрбат Гүл есімді ауған әйелі 12 жасында ауған босқындарына жәрдемдесу бағдарламасы аясында әлемге әйгілі National Geographic мерзімді басылымы арқылы, дәлірегі, Стива Маккарри есімді фотографтың арқасында танымал болды. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазір оның жасы 50-ге келіп қалды. 1984 жылы фотожурналист Стив Маккарри жетім қызды ауған-пәкістан шекарасындағы босқындар лагерінде таспаға тартып алған еді. Оның фотосы бір жылдан соң әлем халықтарының әдет-ғұрпы мен мәденетінен сыр шертетін National Geographic мерзімді басылымының мұқабасында жарияланды. Шегір көзді ауған қызы аз уақытта айдай әлемге танылып, әлемдегі босқындардың символына айналған болатын. Шәрбаттың өзі Ауғанстанға кейін оралды, тұрмысқа шықты, төрт қызды өмірге әкелді (олардың біреуі қайтыс болып кеткен). Ол өзінің әлемге танымал тұлға екенін білген емес. Шәрбат соңғы жылын Пәкістанда өткізген еді, алайда, 2016 жылы аталған елден қуылды – заңсыз тұрғаны үшін айыпты деп тапты. Оған 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнген болатын, алайда, танымалдылығы көмектесіп, 15 күнге ғана қамалды әрі айыппұл салынды.

0 пікір
Мұрағат