Әлемді ядролық соғыстан аман алып қалған адам
Әлемді ядролық соғыстан аман алып қалған адам
7 жыл бұрын 3691 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кейде болмашы нәрсенің өзі немесе қандай да бір қысылтаяңда көзді жұмып жіберіп қабылдаған шешім (шешім дегеннен гөрі нартәуекел деген дұрысырақ - ред) адамзатты құртып жіберетін алапат апаттан аман алып қалатыны бар. Ондайда тек абдырап қалмау керек. Мұндай кіріспені не үшін жазып отырмыз? Жуырда подполковник Станислав Петровтың дүние салғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып білдік. Дәлірегі, осы жылдың мамыр айының-і күні бақилық болған  Станислав Петровтың ерлігін тарқатып айтсақ деп едік. Тарихқа сәл шегініс жасайық: 1983 жылдың қыркүйек айында, яғни, КСРО мен АҚШ арасындағы қырғыи-қабақ соғыс кезінде офицер шеніндегі Станислав Мәскеу облысындағы Серпухов-15 жабыұ әскери қалашығында жау тарапынан зымыран шабуылын ескертетін жүйенің командалық пуктінде кезекші болатын. Қыркүйектің 15-не қараған түні, дәлірегі, 00:15 сағатта жүйе КСРО-ға қарай америкалық баллистикалық зымыранның жіберілгенін ескертіп, дабыл қақты. Мұндай жағдайда кезекші жоғары басшылыққа дүшпанның зымыранмен шабуылдағанын дер кезінде хабарлауы әрі бұйрыққа сай қимылдауы тиіс-тұғын. Десе де Станислав жүйеге сенген жоқ, жалған дабыл болуы мүмкін екенін ойлап, жоғарғы басшылыққа жүйенің істен шыққанын ғана жеткізді. Кейін ол бұл қатерлі оқиғаны еске алып, жүйе дабылы іске қосылғанда КСРО-ға өзге тараптан зымыран жіберілмегені турасында дабылдың болмағанын ескеріп, яғни, басқа нүктелерден зымыранмен атқыламағын көңіліне күдік ұялатып, сол себепті, басшылыққа хабарламағанын тілге тиек еткен еді. Оның күдігі расқа айналды. Бұл жолы дабылды спутник оптикасы "жіберген" болып шықты. Яғни, бұлтқа шағылысқан күн сәулесін зымыран қозғалтқышының оты ретінде көрсеткен жүйе. Сол мұнар күнді еске алып, дабыл қосылғанда шоқтың үстінде отырғандай күй кешкенін жеткізді. Станислав Петров осы ерлігі үшін Дрезден сыйлығының иегері атанды. Қарулы қақтығыстың алдын алатындарға тағайындалған атаулы сыйлыққа ие болып қана қоймай, "Ядролық соғыстың алдын алған адам" деген жазуы бар "Әлем азаматы ассоциациасы" наградасымен марапатталды. 

0 пікір
Мұрағат