Әлемдегі ең қорқынышты шіркеу (фото)
Әлемдегі ең қорқынышты шіркеу (фото)
9 жыл бұрын 11858 Stan.kz bigpicture.ru

Бұл жерде адамның бойы түршігіп, қорқыныш сезімі үдейді: Зираттар қоршаған қараңғы ғимарат, сықырлауық еден, салқын ауа. Сіз ішіне кірер болсаңыз – қараңғылық құшағындағы фигураларға көзіңіз түсер еді. Олар орындықтарда отырады.

Шіркеу ішінде өлі тыныштық орнаған. Бірақ, ол ең сұмдық деген жарылыстың өзінен де қуатты секілді сезіледі. Чехиядағы Луков ауылында орналасқан Әулие Георгий шіркеуі 1352 жылы тұрғызылған. Алайда XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап мүжіліп құлай бастады.  

Жерлеу рәсімі кезінде шіркеу шатырының құлап кетуі, шіркеудің құрылысына нұқсан келтірді. Дәл сол уақытта жөндеу жұмыстарына ақша табылмайды. Ақыры тұрғындар арасында қасиетті жер туралы қорқынышты әңгіме тарап, ішіне кіретін адамдар саны күрт азайып кетеді. Алайда жергілікті суретші Якуб Хадрава тарихи ғимаратты өңдеп, басқаша етіп жасап шығуды көздейді. Оның идеясымен шіркеу ішіндегі орындықтарға үнсіз, бастарын төмен салған, ақ киімді мүсіндер орналастырылды.

Фигуралар немістердің елесі ретінде жасалған. Олар екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әр жексенбі сайын осында келеді екен. Хадраваның осы жұмысы арқылы бұл орынның тарихи екені дәлелденіп, адамдардың көңілін аударды.

Ақ киімді елестердің арқасында шіркеу тек жергілікті халық арасында ғана емес, туристер арасында да танымал болды. Келушілерден түскен қаражат негізінде жөндеуден де өткізілмек. Әзірге қайта жөндеу жұмыстарынан соң ондағы рухтардың алынып тасталатыны немесе мәңгілікке қалдырылатыны белгісіз.

0 пікір
Мұрағат