Алдағы 10 жылда жаппай кісі өліміне апаратын жұқпалы індет қатері үш есе артады
Алдағы 10 жылда жаппай кісі өліміне апаратын жұқпалы індет қатері үш есе артады
2 жыл бұрын 1923 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Италиялық ғалымдар тәжтажал пандеммиясына байланысты соңғы 400 жылда адамзат бете-бет келген жұқпалы індеттер туралы барлық деректі қайта ой елегінен өткізіп, арнайы зерттеу жүргізді. Бұл жайында islam.kz порталы grodno24 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада 10 мыңнан аса адамның басын жұтқан аурулар ғана зерделенген. Осы зерттеуде адамзат әлі күнге еңсере алмай келе жатқан безгек пен иммундық тапшы синдромын тудыратын вирус қаперге алынған жоқ. Бұл бағыттағы зерттеу ең алдымен болашақта пайда болуы ықтимал жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында жүргізілген айта кетпекпіз. Оба, шешек, тырысқақ, іш сүзегі және тұмау вирустарының әртүрлі штаммдары дүние жүзіндегі адамдардың өмірінің зерттелген кезеңінде жойылды. Зерттеу барысында осы немесе басқа инфекцияның бүкіл әлемге қаншалықты жылдам тарағаны анықталды. Арнайы үлгілер анықталды. Жұқпалы аурулардың жиі өршитіні бегілі болып отыр. COVID-19-ға дейін адамдар тұмауға белсенді түрде қарсы тұрды. Ал 2009 жылы әлем шошқа тұмауымен бетпе-бет келді. 20 ғасырда бұл аурудың жаңа штаммы шамамен әрбір 20 жыл сайын пайда болып отырған. Жұқпалы індеттің ішіндегі ең жойқыны «испан» деп атпен тарихта қалған инфекциялық ауру: 1918 жылы басталып, үш жылға жуық уақытқа созылып, кейбір деректер бойынша 100 миллион адамның өмірін қиған. Жыл сайын бірдей өлімге әкелетін инфекцияға тап болу қаупі орта есеппен 0,27-1,9% -ға артады. Осылайша ғалымдар «Испан тұмауының» 300-400 жыл сайын қайталануы мүмкін деген қорытындыға келді. Егер COVID-19 сияқты жұқпалы ауруды қарастыратын болсақ, онда бұл жағдайда қайталану ықтималдығы жыл сайын шамамен 2% артады. Ғалымдардың есебінше, мұндай індет 2078 жылы қайталануы мүмкін. Дегенмен, SARS-CoV-2 сияқты жұқпалы агенттер тез таралып, үнемі мутацияға ұшырайтындықтан болашақ эпидемиялар арасындағы алшақтық тез қысқарады. Алдағы он жылда бұл тараптағы қатер жылына 3%-ға дейін артуы мүмкін. Егер ештеңе өзгермесе немесе инфекциялық аурлардың алдын алу шаралары, соның ішінде, дүниежүзілік денсаулық сақтау сақтау саласын жақсартпаса, онда осы деректерге сүйене отырып, испан тұмауы болашақта әр 130 жыл сайын қайталанатынын алға тартып отыр сарапшылар және 12 мың жыл ішінде адамзаттың толық жойылуына әкелетін аса қауіпті инфекция пайда болуы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат