«Ағаш» адамға ота жасалды (видео)
«Ағаш» адамға ота жасалды (видео)
9 жыл бұрын 4029

Абула Бажандра есімді Бангладеш тұрғыны, міне, он жылдан асты, сирек кездесетін «эпидермодисплазия» ауруынан азап шегіп келеді. Ел арасында осы сырқатына байланысты «ағаш адам» атанған оған ел астанасында ота жасалды. Бұл жайында «thenewsminute.com» ақпарат көзі хабар таратты. Ауыр дертіне қарамастан ол жүргізуші болып жұмыс істеген, әйтсе де ауруы асқынып, өз тісін тазалаудан, өз қолымен ас ішуден қалады. Қымбат тұратын ота жасатуға қаржысы жетпейтін оған тілшілер көмекке келеді. Оның басындағы жағдайды жаһанға жар салады. Нәтижесінде оны тегін емдеуге ел астанасы – Дакки қаласындағы ауруханадан ұсыныс келіп түседі. Абуланың отбасы, үш жастағы қызы бар. Алғашқы ота сәтті өтті: лазер сәулесімен өлген жасушыларын жойды. Енді сол қолындағы өлген жасушаларын жойғаннан кейін оған пластикалық ота жасалады.

1 пікір
  • Ой, Алла, сақтай гөр! Анасын қарашы. "Қарға да баласын "әппағым" дейді-ау"!.
    9 жыл бұрын
Мұрағат