Адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнайтын тіршілік иесі аталды
|
Жауын құрты күллі адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етудегі аса қажетті тіршілік иесі ретінде аталды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемдегі астықтың 6,5 пайызы және бұршақ дақылдарының жылына 2,3 пайызы олардың популяциясына байланысты. Колорадо штаты университетінің ғалымдары жауын құрттары жылына 140 миллион тоннаға дейін азық-түлік өндіруге ықпал ететінін анықтады. Яғни, жыл сайын бидай, жүгері, күріш, арпа, сұлы және басқа да дәнді дақылдардың осынша мөлшері жауын құрттарына байланысты болып шықты. Жауын құрттары, әсіресе, оңтүстік өңірлердегі егіннің бітік шығуына ең көп әсер етеді, өйткені, фермерлер пестицидтер мен тыңайтқыштарды сатып ала алуға шамасы жете бермейтіндіктен бұл тарапта табиғи процестерге арқа сүйейді. Жауын құрттары Африка құрлығында, дәлірегі, Сахара шөлінің оңтүстігіндегі егін түсімінің 10 пайызын, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде 8 пайызына дейін өнім алуына мүмкіндік береді. Жауын құрттары дәнді дақылдарға қоректік заттар мен ылғалды қамтамасыз етеді, топырақ құрылымын өзгертеді, соның ішінде топырақ құрамын байытып, құнарын арттырады, зиянды элементтерден арылтады. Олар жалпы өнімділікті 25 пайызға дейін арттыруға сеп болады.