Адамның таңдаған кәсібі оның мінезімен байланысты
Адамның таңдаған кәсібі оның мінезімен байланысты
9 жыл бұрын 3923 ҚазАқпарат

Адамның таңдаған кәсібі оның мінезі туралы айтып бере алады, деп есептейді ғалымдар.

Орхус университетінің зерттеушілері 12 жекелеген зерттеуге қатысқан 13 мыңнан астам студенттің мәліметтерін талдады. Еріктілер тұлғаның негізгі бес сипаты - ашықтық, адамгершілік, жұмсақтығы сияқты  сұрақтар қамтылған парақшаларды толтырды, деп жазады The Daily Mail.

Мамандар адамның университетте оқығаны мен оның мінезінің сипаттары арасындағы арақатынасты анықтаған. Атап өткенде, медицина, құқық, экономика және саясаттану факультеттерінің студенттерінде экстраверсия деңгейі басқаларына қарағанда айтарлықтай жоғары болды. Заңгер, экономисттер және бизнес факультетінің қатысушылары ең аз көнгіш болды. Олар жомарттықты сирек танытып, басқаларға аз көмектескен.

Мәдениет және өнер факультетінен еріктілер, сондай-ақ психология және саясаттануды оқығандар жаңалық үшін ашық, яғни шығармашылық тұлғалар болып шықты. Көпшілік үшін «ең жабық» тұлғалардың арасында экономистер, инженерлер, заңгерлер және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері болды.

Мәдениет пен өнер саласында оқыған адамдар басқаларына қарағанда аз адал және жүйкесі «жұқа» болып шықты. Психология факультетінің студенттері де олардан алыс кеткен жоқ. Мамандар олардың жасаған қорытындылары мектеп оқушыларына кәсіп таңдауға, ал оқытушыларға - өз дәрістерін дұрыс жоспарлауға көмектесетініне үміттеніп отыр.

0 пікір
Мұрағат