Адамның орташа өмір сүру ұзақтығы қанша?
|
Бірден айта кетейік, қазіргі уақытта адамның орташа өмір сүру ұзақтығы қайта қаралып жатыр Канадалық ғалымдар адамның орташа өмір сүру ұзақтығы бұрынғы өлшеммен қарағанда ұзақ екенін мәлімдеді. Макгилла университеті ғалымдардың бұл зерттеу нәтижесі Nature мерзімді басылымында жарық көрді. Мамандар мұндай тұжырымға адамның ұзақ өмір сүруіне барынша жағдай жасалған АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Жапония секілді дамыған елдерде жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйеніп жасағанын айта кету керек. Бұл зерттеуде 1968 жылы дүниеге келген адамдардың өмір сүру ұзақтығы есепке алынды. "Біз адамның жас шегін білмейміз. Жақын болашақта адамның барынша өмір сүру ұзақтығы арта беретін болады",- деді аталмыш зерттеуге атсалысқан Зигфрид Хекими есімді ғалым. Осылай дей келе ол осыдан 300 жыл бұрын өмір сүргендердің қысқа ғұмыр кешкенін тілге тиек етті. Ғалымдардың тұжырымы бойынша бүгінгі таңда адамның өмір сүру ұзақтығы 115 жылды құрайды.