Адамның ойдан неге шаршайтыны анықталды
|
Жасыратыны жоқ, ақыл-ой еңбегі қара жұмыстан кем түспейді. Бұл жайында islam.kz порталы pitiesalpetriere.aphp.fr сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен. Ойлау процесінен адам миына глутамат жиналады. Дәлірегі, Париждегі Питие-Салпетриер университеті емханасының білікті мамандары когнитивті қызмет мидағы химиялық өзгерістерге әкеледі деген болжам жасады. Психикалық шаршау мида бақылауға жауап беретін белгілі бір химиялық заттың жиналуына байланысты пайда болады, дейді ғалымдар. Бұл зат - глутамат, сүтқоректілердің орталық жүйке жүйесінде бар және оқу, есте сақтау және ұйқы циклі сияқты көптеген процестерде маңызды рөл атқарады. Бұл тараптағы тәжірибе барысында мидағы биохимиялық өзгерістерді өлшеу үшін магниттік-резонанстық спектроскопия пайдаланылды: күрделі және жеңіл тапсырмаларды орындаған тәжірибеге қатысушылар миының арасындағы елеулі химиялық айырмашылық байқалған. Глутаматтың жоғары деңгейіне байланысты организм мидың қызметіне ресурс жұмсайды, неғұрлым глутамат деңгейі жоғары болса, адам соғұрлым шаршайды.