Адамның фото-суретін даусына қарап «тірілтетін» технология пайда болды (фото-видео)
Адамның фото-суретін даусына қарап «тірілтетін» технология пайда болды (фото-видео)
1 жыл бұрын 828 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сингапурдың NTU ғалымдар тобы сөйлеген адамның мимикасы мен бас қимылының шынайы бейнесін жасайтын компьютерлік бағдарлама әзірледі. Жаңа бағдарлама адамның даусы мен фото-суретін пайдалана отырып, оның нақты бейнесін жасайды. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceDaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. DIRFA - аудио және фото-суреттерді пайдалана отырып, 3D бейнені жасайтын жасанды зердеге негізделген бағдарлама. Адамның тіл қатуымен синхрондалған, яғни, адамның сөзімен үндестірілген шынайы және дәйекті бет-әлпетінің анимациясы бейнеленеді. Негізінде адам дауысына қарап оның бейнесін жасау – қиын іс. Бір дыбыстың өзі адам жүзінде мыңдаған ишараны білдіруі мүмкін. Дыбыс әдетте ерін қимылдарымен байланысты болғанымен адам басының қимылымен немесе бет-жүздегі мимикамен байланысы аз. Ғалымдар бұл тарапта адамның не айтып тұрғанына байланысты оның ерін қимылдарымен мейлінше дәл сәйкестендіруге талпынған еді. Ғалымдар аудио сигналдар мен бет-әлпет анимациясының арасындағы күрделі қарым-қатынастарды таспаға тартып алу үшін DIRFA атты AI (жасанды зерде) моделін жасады. Бұл бағытта жалпыға ортақ дерек қордан алынған 6000-нан аса адамның миллионнан астам аудио және бейнебаяндары бойынша өз моделін құрастырған екен.

0 пікір
Мұрағат