Адамдар өз ерекшелігін көрсетуден және өз пікірін қорғаудан қалып барады
Адамдар өз ерекшелігін көрсетуден және өз пікірін қорғаудан қалып барады
3 ай бұрын 1104 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтанудағы маңызды зерттеу нәтижесі адамдардың өзгелерден ерекшеленуге деген ұмтылысы айтарлықтай төмендегенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тенденция өз кезегінде қоғамның тұлғасыздануына (адамдардың тұлғалық қасиеттен ада болуына) әкелуі мүмкін, деп есептейді бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан ғалымдар. Миллионнан астам адам үш көрсеткіш бойынша тест тапсырды: басқалардың пікіріне әуес болу, жалпы қабылданған ережелерді бұзуға ұмтылу және өз сенімін көпшілік алдында қорғауға дайын болу. Бұл тараптағы тест нәтижелері табаны күректей 20 жыл бойы, дәлірегі, 2000 жылдан 2020 жылға дейін жиналды. Белгілі болғандай, осы уақыт ішінде адамдар үшін үш аспектінің де маңыздылығы кеміп кеткен. Өз пікірін қорғауға деген ынта ең көп төмендеген – 6,52%-ға дейін. Психологтердің пікірінше, осы күнгі адамдардың бірегей болуға, яғни, өзін өзгелерден ерекшелеп көрсетуге ынта-ықыласы олардың қоғамға бейімделуіне кедергі келтіреді, деп есептейді. Бұл тенденцияның кері жағы: адамның өз өміріне көңілі толмай, сүлесоқ ғұмыр кешуі мүмкін. Салдарынан қоғамға тигізер пайдасы да кемиді.

0 пікір
Мұрағат