Зілзалаға қарамай жүйткитін пойыз пайдалануға берілді (видео)
Зілзалаға қарамай жүйткитін пойыз пайдалануға берілді (видео)
4 жыл бұрын 3683 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапонияда сағатына 365 шақырым қашықтықты артқа тастай алатын кезекті N700S жүрдек пойызы ел игілігіне берілді. Алайда, оның «жұмыс» жылдамдығы едәуір төмен – сағатына 285 шақырым. Аталған пойызды құрастырған компания өкілдерінің айтуынша, бұл пойыздың артықшылығы – зілзала кезінде бортындағы дербес қуат көзінің арқасында істен шығып қалмайды. Бұдан бөлек, онда басқару мен тежеудің алдыңғы қатарлы жүйесі орнатылған: ол апатты жағдайда жүрісін баяулата алады немесе тоқтай алады. N700S жүрдек пойызы Токио мен Осако қалаларының арасында қатынайды. N700S-тың ең негізгі жаңашылдығы – әлемде тұңғыш рет литилік-иондық аккумулятор қондырғысының орнатылуында жатыр; ол аяқ астынан теміржолдағы электр энергиясы берілмей қалғанда өздігінен апатты аймақтан өтіп кете алады.

Сөз орайы келгенде жақша ішіне алып айта кету керек: әлемдегі жер сілкінісінің 10 %-ы күншығыс елі аумағында орын алады. Аумағы жер бетінің 1 %-ын ғана алса да зілзала ең көп тіркелетін сейсмикалық қауіпті аймақ. Міне, жарты ғасыр болды, аталған елдің жүрдек теміржол желісінде бірде бір жолаушы зардап шекпеген.

0 пікір
Мұрағат