Заңнан «ер» және «әйел» ұғымдарын алып тастауды ұсынды
Заңнан «ер» және «әйел» ұғымдарын алып тастауды ұсынды
10 жыл бұрын 3139 Javier Galeano / Reuters

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының мүшесі Лоис Капс (Lois Capps) федералды заңнамалардан «ер» мен «әйел» ұғымдарын алып тастауды қарастыратын заң жобасын ұсынды. Бұл жайында «The Huffington Post» ақпарат көзі хабар таратты. Біздің құндылығымыздың заңдарымызда көрініс табатын уақыты келді», - деп түсіндірді ол неліктен мұндай ұсыныс жасағанын. Лоис Капстен өзге тағы 23 адам жобасын жасауға атсалысқан аталмыш құжат жобасына сәйкес бұл терминдердің орнына гендерлік нейтралды «ерлі-зайыпты» сөзін қолдану ұсынылды. Бұған қоса, қызтекелер мен еркекшоралардың, бисексуалдар мен трансгендердің құқығын қорғайтын коммерциялық емес "Human Rights Campaign» ұйымының ресми өкілі Джейсон Рахлан (Jason Rahlan) Лоис Капске алғысын жаудырды. Үстіміздегі жылдың маусым айында Жоғарғы сот қабылдаған бір жыныстылардың некесін заңдастыру туралы заңға олардың заң жобасы сәйкес келетіні үшін. 

0 пікір
Мұрағат