ЮНИСЕФ: Әлемде бала өлімі көбейді
ЮНИСЕФ: Әлемде бала өлімі көбейді
2 сағат бұрын 50 24.kz

Оған себеп дертпен күрес шаралары бәсеңдеген, деп хабарлады 24.kz 

ЮНИСЕФ бұл жайтқа бей-жай қарамауға шақырады.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, 2024 жылы 5 жасқа толмаған 4,9 миллион бүлдіршін көз жұмған. Оның 2,3 миллионы - шақалақ. Мамандар: «Сапалы медицинаның көмегімен балаларды өлімнен арашалап қалуға болар еді», - дейді. Алайда, қаражат едәуір қысқарғандықтан, жағдай ушыққан. Әсіресе, Африка құрлығында, сондай-ақ, Оңтүстік Азияда тіркелген бала өлімі көп. Олардың дені уақытылы ем қабылдамаған, аш-құрсақ жүрген. Соның салдарынан балалар арасында белгісіз аурулар көбейген.

0 пікір
Мұрағат