Ысырапшылдыққа қарсы күрес: Азияның дамыған елі қолданылған тауарлар нарығын кеңейтеді
Ысырапшылдыққа қарсы күрес: Азияның дамыған елі қолданылған тауарлар нарығын кеңейтеді
1 сағат бұрын 28 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. © Japan Wire от Kyodo News. Суретте Нагой қаласындағы қолданылған тауарларды сататын дүкен

Жапония билігі қолданылған тауарлар нарығын 2030 жылға дейін 4,6 трлн иенге (жапондардың ұлттық валютасы – ред.) дейін, яғни, 29,7 млрд долларға дейін кеңейтуді көздеп отыр. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы аталмыш нарықтағы айналымнан 32 пайызға көп. Осылайша күншығыс елі өндіріске кететін шығын мен энергияны үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар, өндіріс кезінде атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын азайтуды әрі қоқыс мөлшерін төмендетуді мақсат етеді. Бұл жайында islam.kz порталы Kyodo News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта қиыр шығыстағы арал мемлекет басшылығы 2027 жылға таман қолданылған тауарлар нарығына қатысты талаптар мен басқышылық нұсқаулықтарды әзірлейді. Соның ішінде бизнес операторларына тұтынушының мобилді қосымша арқылы сатып алған сапасы төмен тауарлары бойынша талаптарды күшейтеді. Бұдан бөлек, пайдаланылған тауарлар саудасын жандандыру үшін жол картасы әзірленеді. Жапонияның қоршаған ортаны қорғау министрлігі тарапынан. Осы орайда онлайн бәссауда мен сатушылар арқылы сатып алынған кітаптар мен тұрмыстық техниканы қоса алғанда, жыл сайынғы 22 санаттағы пайдаланылған тауарларға арналған нарықтың соңғы жылдары жыл сайын 1 пайызға тұрақты түрде өсіп келе жатқанын айта кетпекпіз. Бұған қоса, қоқысты сұрыптағанда, көшу кезінде немесе үйді жинастырғанда қажетсіз деп танылған бұйымдарды сатып алу науқаны ұйымдастырылып, жүйелі іске айналдыру бағытында жүмыстар атқарылады.

0 пікір
Мұрағат