Ықылық тигеніне 14 ай болған
Ықылық тигеніне 14 ай болған
9 жыл бұрын 5819 Дэниэл Клэвин

Ирландияның 37 жастағы Дэниэл Клэвин есімді тұрғынына ықылық тигеніне, міне, бір жылдан асты, әлі қойған емес. Бұл жайында United Press International ақпарат көзі хабар таратты. Осыдан 14 ай бұрын, яғни, 2012 жылдың шілде айында сауық кешінен оралған оған ұйықтап тұрған соң ықылық тиген. Бұл туралы ақпарат енді белгілі болып отыр. Тіпті, түнде де ықылығы қоймайды. Әйелін оятып алмау үшін көрші бөлмеде жатып жүр. Ол эндоскопиядан да, компьютерлік томографиядан да өткен, терапевке де қаралған. Дәрігерлер оған тыныштандыратын дәрі жазып беруден және диетасын ауыстыруға кеңес беруден ары аса алмаған. Дәрігерлер ықылықтың неден тигенін анықтай алмаған. Дэниэл Клэвин ықылықтан құтылу үшін классикалық әдіс-тәсілдерді де қолданып көрген: қатты қорқуға тырысқан, шекерді қасықтап жеген, суды түтікшемен ішіп көрген, т.б. Бірақ, бұлардың бірде-біреуі көмектеспеген. «Әбден күйзелдік. Ықылық оның түбіне жетпесе игі еді»,- деді әйелі Сьюзан. Мұндай жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ. 2007 жылдың қыс мезгілінде 15 жастағы америкалық Дженнифер Ми есімді бойжеткен 37 күн бойы минутына 50 рет ықылық атып, азаптанған еді. Сол жылдың мамыр айында да ықылықтан азап көрген болатын. 

 

0 пікір
Мұрағат