Яһудилер Ислам дінін қабылдап жатыр
Яһудилер Ислам дінін қабылдап жатыр
10 жыл бұрын 8385

Израил мына жақтан мұсылмандарды қыруға әрекет етіп жатқанымен, ішіндегі халқы мұсылмандықты қабылдап жатқан жайы бар. Израил сотының статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын шамамен 100 яһуди жеке куәлігін мұсылман деп ауыстыруға өтініш беретін көрінеді. Алайда, дінін ауыстыруға бел байлаған израилдіктер түрлі қысымшылық пен қиындыққа тап болуда.

Ислам дінін қабылдаған 21 жастағы Морал Малка есімді қыз өлкесіндегі сионистердің қоқан-лоққысына қарамастан Палестиналық Махмұд Мансұрмен үйленіп отыр. Малка мен Мансұрдың Йафа қаласында өткен тойында 200-ден астам полиция қауіпсіздік шараларының алдын алды. Той келінді Ришон Ресион ауданындағы үйінен ұзатудан басталған. Ұзату тойына шақырылған 800-ге жуық қонақтың қатысуымен күйеу жігіттің Йафа қаласындағы үйіне дейін «той шеруі» ұйымдастырылған. Алайда, күйеу жігіттің үйіне жақындап қалғанда алдарынан Моралдың мұсылмандықты қабылдауына қарсы израилдік ереуілшілер қарсы алған. Қайта күйеу жігіттің шешесі Февда Мансұр тойдан бұрын Израилдің бір басылымына мәлімдеме жасап, келінді ұзату кезінде мұсылмандарды қолдауға шақырған екен. Сол хабарды естіп тойға келген 800-ге жуық қонақ ереуілшілердің жаман пиғылдарын жүзеге асыруға жол бермеген. Алайда, келіні ереуілшілерден небір ауыр сөздер естіген.

Алдыда енді күйеу жақтың ұйымдастыратын негізгі тойы бар. Ол тойда да мұндай жағымсыз оқиғалар болмас үшін жас жұбайлар сотқа шағым айта барыпты. Яғни, сионистердің  LEHAVA ұйымы мүшелерінің тағы да ереуілге шығуларына тыйым салуларын өтінген. Израил соты жас жұбайлардың өтініштерін толықтай орындамаса да, наразы топтың ереуілді той алаңынан 200 метр алыста ұйымдастыруына шешім шығарған.

Міне, мұсылмандықты қабылдағандардың Израилде көрген күндері осындай. Бірақ соған қарамастан Израилде Исламды қабылдап жатқандардың саны азаятын емес. Орталығы Тел-Авивте орналасқан Маарив газеті Израилдің ішкі істер министрлігінің статистикалық мәліметтерін жариялапты. Ондағы мәліметке сүйенсек, Израилде соңғы он жылда жүздеген яһуди мұсылмандықты, ал ондаған яһуди христиандықты қабылдаған. 2000 жылдан бері жыл сайын 100-ге жуық яһуди жеке куәлігін мұсылман деп ауыстыруына өтініш береді екен.

1 пікір
Мұрағат