World liberty financial криптовалюталық дебетті картасын шығарады
World liberty financial криптовалюталық дебетті картасын шығарады
2 ай бұрын 884 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының президенті Доналд Трамптың отбасы қолдайтын криптовалюта кәсіпорны - World Liberty Financial криптовалюталық активтерді күнделіекті немесе тұрмыстық шығындармен байланыстыратын, яғни, саудада, түрлі төлемдерде пайдалануға болатын дебеттік картаны шығаратынын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы dailytimes.com.pk сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяуда Сингапурде өткен TOKEN2049алқалы жиынында аталмыш кәсіпорынның бас директоры Зак Виткоф аталмыш жобаны келесі тоқсаннан бастап жүзеге асыратындарын хабарлады. Дәлірегі, 2025 жылдың төртінші тоқсанында немесе келесі жылдың бас кезінде іске асырылады. Бұл қадам өз кезегінде цифрлы валютаны негізгі қаржылық қызметтерге кіріктіруге мүмкіндік береді. Бұл бастама, сонымен қатар, цифрлы активтерді күнделікті пайдалану арқылы әлдеқайда қажетті құралға айналдыруға мүмкіндік бермек. Зак Виткофтың айтуынша, World Liberty Financial дебеттік картаға қосымша жылжымайтын мүлік, мұнай, газ, тіпті, мақта мен ағаш, т.б. тауарлар секілді әдеттегі активтерді токендеу мүмкіндігін жатпай-тұрмай қарастыруда. Оның пікірінше, мұндай активтерді блокчейн-платформаларда сату әдеттегі жүйелермен салыстырғанда үлкен тиімділік пен ашықтық әкеледі. $WLFI деп аталатын компания токені осы айдың басында іске қосылды және оның экожүйесінің негізі ретінде айқындалады. Дебеттік карталар мен активтерді токендеу жөніндегі алдағы бастамаларға байланысты World Liberty Financial өзін әлемдік қаржысаласында криптовалюта бойынша бастамашы рөлін кеңейтудегі негізгі ойыншы ретінде көрсетеді. Банктер сияқты делдалдарға тәуелділікті төмендететін қызметтерді ұсына отырып, кәсіпорын цифрлы активтерді кәдімгі пайдаланушылар үшін неғұрлым қолайлы етуге ұмтылады.

0 пікір
Мұрағат