WhatsApp және Skype ақпарат таратуды ұйымдастырушылардың тізіліміне енгізілді
|
Ресей қадағалау комитеті (Роскомнадзор) кеңінен қолданылатын WhatsApp және Skype байланыс құралдарын интернеттегі ақпарат таратуды ұйымдастырушылар тізіміне енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік аталған мемлекеттік мекеменің ресми (97-fz.rkn.gov.ru) сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресей қадағалау комитетінің дерегі бойынша бұл екі платформаны да 2024 жылдың желтоқсан айының 19-ы күні аталмыш тізілімге енгізілген. «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» федералды заң талаптарына сәйкес WhatsApp және Skype Ресей аумағында пайдаланушылардың дауыстық ақпаратты, мәтіндік хабарламаларды, бейнелерді, дыбыстарды немесе басқа да электрондық хабарламаларды қабылдау, беру, жеткізу және өңдеу фактілері туралы мәліметтерді сақтауы тиіс. Бұдан басқа, платформа мұндай мәліметтерді арнайы қызмет өкілдері талап еткен жағдайда ұсынуға мiндеттi.