Ұялы телефон нөмірін ауыстырғандарға қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін
Ұялы телефон нөмірін ауыстырғандарға қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін
3 жыл бұрын 3314 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасында қалта телефонының нөмірін ауыстырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тапты. Бұл жайында islam.kz порталы RT ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл туралы РФ-ның ақпараттық саясат, ақпараттық технология және байланыс жөніндегі комитет жетекшісінің орынбасары Сергей Боярский мәлімдеді. Оның айтуынша, телефон нөмірін ешкім еріккеннен ауыстырмайды, негізінен қылмыстық ісін бүркемелеу, яғни, ізін жасыру үшін ауыстырады. Яғни, құқыққа қайшы әрекетке баратындар осындай қулыққа көшеді. Осылай деген ол елдің цифрлы даму министрлігімен осы мәселе бойынша өзара жұмыс істеп жатып жеткізді. Бұдан бөлек, алаяқтар Ресейден тыс жерден қоңырау шалады. «Егер, мәселен, елден тысқары жерден шалынатын 499 кодпен шалынған қоңырауды автоматты түрде бұғаттасақ, онда біз алаяқтық операциялардың талайының түбірімен алдын аламыз»,- деді ол сөз арасында. Осы орайда «Бүкіл ресейлік халық майданы» деп аталатын қоғамдық ұйымның РФ Цифрлы даму министрі Мақсұт Шадаевқа нөмірді ауыстыру сервисін ұйымдастырғандар мен ауыстыру процесіне тікелей атсалысқандарға қылмыстық жаза қолдануды сұрап үшбу хат жолдағанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат