Ұрып-соғуын жалғастырған тұлғалар үстінен қылмыстық іс қозғалады
Ұрып-соғуын жалғастырған тұлғалар үстінен қылмыстық іс қозғалады
3 жыл бұрын 1402 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы мемлекеттік думасы бұрын да ұрып-соғумен көзге түсіп, істі болғандарға бұл әрекетін қайталаған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастыратын үкіметтік заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің (ҚК) 116.1-бабы екінші бөлікпен толықтырылды, ол ұрып-соғу немесе дене ауыруын тудырған, бірақ денсаулығына зиян келтірмеген, яғни, Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» 115-бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқтырмаған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілікті қарастырады. Ұрып-соғудан тыйылмаған жағдайда айыпталушы 480 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі немесе бір жыл мерзімге дейін түзуте жұмыстарына жегіледі я болмаса үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе жарты жылға дейін қамауда болады. Қолданыстағы нормаларға сәйкес бірінші рет мұндай тағылық әрекетке барғандар 30 мың рублге дейін айыппұл төлейді немесе 10-15 күнге абақтыға жабылады. Келесі жолы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Үшінші рет қайталанған жағдайда тағы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

0 пікір
Мұрағат