Ұрлықшы маймыл айфонды жұмыртқаға айырбастады (видео)
Ұрлықшы маймыл айфонды жұмыртқаға айырбастады (видео)
9 жыл бұрын 8596

Би-би-си арнасының тілшісі Крис Пэкем арнайы жоба аясында Бали аралына аттанды. Мұндағы маймылдар сұғанақтығымен әлемге атақтары жайылған. Соның арқасында олар көптеп келетін туристердің көзілдірігін, бас киімін оп-оңай қағып түседі. Олар камера мен қалта телефондарын ұрлаудың шебері десе де болады. Осының барлығынан хабардар тілші тәжірибе өткізуді ұйғарды. Тәуекелге бас тіккен Крис айфонын ұрлатқызды. Күнделікті өмірде ауадай қажет құралын кері қайтару үшін ол, ұрлықшы маймылға айырбасты ұсынып, қалтасынан, әуелі жаңғақты шығарды. Бірақ, мешін бұған көңілі толмағандай жерге шұқшиды. Ақыры, тіпті, бананды менсінбеген маймылдың жеңсік асы тауықтың жұмыртқасы болып шықты.  Сөйтіп, адам мен маймыл айырбасқа көңілдері толған күйде тарқасты, деп жазады «iphones.ru».

0 пікір
Мұрағат