|
Иесіне өзі ілесіп жүретін робот-чемодан жасалды (видео)
|
Израиль ғалымдары өздігінен қозғалып, иесінің соңынан ілесетін «ақылды» чемодан шығарайын деп жатыр. Бұл жүк таситын гаджеттің жобасын «Nua Robotics» компаниясының мамандары жасады. Смарт-чемоданда камералы құрылғы орнатылған. Оның көмегімен иесінің қайда екені белгілі болады. Құрылғы иесінің артынан әзірге тегіс жерде ғана жүретінін айта кету керек. Ол үздіксіз режимде көмекшісі қайда екенін хабарлап отырады. Оны ұрлап кету де оңайға соқпайды. Ондай жағдай орын алса, құрылғының дабыл белгісі іске қосылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді