Үндістанда мейманхана қожайындарына ашықтан ашық исламофобиялық талаптар қойыла бастады
Үндістанда мейманхана қожайындарына ашықтан ашық исламофобиялық талаптар қойыла бастады
2 ай бұрын 1218 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында мейманханаларға исламофобиялық талаптар қойыла бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Guardian ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа ережеге сәйкес жергілікті мейманханалар өз қызметкерлерінің аты-жөнін жария түрде іліп қоюы керек. Азияның бұл елінде адамның аты-жөніне қарап, оның қай наным-сенімде екені белгілі болады. Осыған байланысты мейманхана қожайындары мұсылман қызметкерлерді жұмыстан қуып жатыр. Өйткені, олар үшін үнді радикалдары тарапынан қысым көргісі келмейді. Бұдан бөлек, мұсылман қызметкерлердің қауіпсіздігін де ойлап, осындай қадамға баруда. Мүслім Рафик есімді 45 жастағы Мұзаффарнағар қаласындағы жол бойында орналасқан мейрамхананың иесі полиция барлық жұмысшылардың аты-жөнін тақтайшаға жазуды талап еткеннен кейін төрт мұсылман бауырын жұмыстан шығарғанын айтты. Осылай деген ол және басқа кәсіпкерлердің айтуынша, бұл шара радикалды индуизм идеяларын ұстанатын Йоги Адитянаттың ұлтшыл үкіметі жүзеге асырып жатқан мұсылмандарға қарсы экономикалық бойкот жариялау саясатының бір бөлігі.

0 пікір
Мұрағат