Үндістанда халал сертификатына тыйым салынуы мүмкін
Үндістанда халал сертификатына тыйым салынуы мүмкін
2 жыл бұрын 1481 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Білім беру орталықтары мен ордаларына мұсылман әйелдердің шариғат шәлісін жамылып келуге бұрын тыйым салған Карнатака штатының парламент жетекшісі халал сертификатына тыйым салу қарастырылған жаңа заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде NDTV телеарнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, депутат Рауи Құмар 2006 жылғы «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заңға және «Мемлекеттік стандарттар туралы» заңға жекелеген ұйымдарға азық-түлікті сертификаттауға тыйым салу және бұл міндетті арнайы құрылған мемлекеттік құрылымдарға жүктеуді көздейтін түзетулер енгізгісі келеді. «Халал сертификатын беретін ұйымдардың мәртебесі күмәнді екенін ескере отырып, мемлекет тарапынан уәкілетті орган құрылмайынша, заң бойынша халал сертификатын беруге толықтай тыйым салынуы тиіс», - деп мәлімдеді ол. Алайда, оның бұл бастамасына кей депутаттар наразылық білдіріп отыр. Алайда, ұлтшылдар ел аумағындағы халал тауарлар мен қызметтерді ұсынатын сауда орындары мен сервистерді жабуды, дәлірегі, Үндістандағы халықаралық сауда желісі мен орталықтарынан шариғат талаптарына сай сойылған малдың етін сатуды доғаруды талап етуде.

0 пікір
Мұрағат